Кіріспе сөзі:

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста  болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту.

Мақсаты: Өсімдіктердің адам денсаулығын жақсарту мен сақтаудағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:  -Емдік шөп әлемімен танысу ;

                     - Емдік шөптерді жинау ережелері туралы тусінік қалыптастыру;

                     -Сауықтыру үшін қолдану жолдарын көрсету;

                     - Командада жұмыс істеуге баулу

 Жобаны іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар:

1)Ата-аналарға таратылған жадынама  «Білгеніңіз жөн!»

Тақырыбы: Фитотерапия.

Адамның денсаулығын күшейтетін тұнбалаар рецептері.

Тамақтану рационына витаминдер, шөп шайларын, қалпына келтіретін тұнбаларды қосу өте маңызды, өйткені олар дененің қорғанысын көтереді.

Тұнбаларды, фитошайларды дайындаған кезде металл ыдыстарды пайдалануға болмайды, себебі; өсімдік ішкі затының белсенді заттарының реакциясын болдырмау үшін. Тек қана эмаль, қыш ыдыстарды қолдану керек. Шикізатты дайындағаннан кейін дәкенің бірнеше қабатымен сүзіп қысыңыз.

Витаминді шайлардың жинақтары әртүрлі. Олар гүлден, жапырақтан, тамырдан, жидектерден жасалынады.

Лимон – сарымсақ инфузиясы (тұнба)

Ет тартқыштан бір лимонды дәнімен тұқымдарымен бірге өткізіңіз және бір орташа көлемдегі сарымсақ, 1 литр жылы қайнаған су құйыңыз. 2-3 күн тұру керек. Тамақтанудан жарты сағат бұрын күніне 2ретшай қасықтан ішіңіз. Тұнба имунитеті арттыруға көмектеседі.

Балаларға қыста түск және кешкі ас алдында беріледі.

Итмұрын тұнбасы.

0,5 стақан итмұрынға – 5стақан су.

Кептірілген, тазартлған, ұсақталған итмұрынды суық сумен тез шайып, бірден қайнақ суды құю. Қақпақпен тығыз жабылған ыдыста 10 минут қайнату. Салқын жерде 3-4 сағат тұрған соң,бірнеше қабат марлядан өткізу.

Өнім С витаминіне өте бай. Ұйқыдан кейін балаларға жемістермен бірге беріңіз.

Жалбыз шайы.

Су – 180грам, шай – 3г.қант – 15г. Жалбыз – 1шай қасық.

Жалбыз және қант қосылған шай қайнатыңыз. Біраздан кейін, бірнеше қабат дәкеден өткізіп сүзіп алу.

Мүкжидек (клюква) сусыны.

300г.- мүкжидекті мыжып, сығып, шырынын алыңыз. Алынған шырынға 1-2литр су құйып,5-8мин.қайнатып сосын сүзіп алады. 250гр қант қосып, қайтадан отқа қояды. Қайнаған қалпына жеткізіп клюкваның шырынын құяды. Екінші рет қайнаған қалпына жеткізіп, суытады.

«Үйіңізде болу керек 8 түрлі шөп дәрі» атты таратпа қағаз.

Қазір медицина дамып, дәрі-дәрмектердің барлығы дерлік табиғаттан алынып, арнайы зерттеу орындарында өңделіп шығады. Өңделген өнім жағымды әсер беріп, мыңдаған адамның өмірін ажал ауызынан аман алып қалды. Дегенмен дәрінің бәрі сіздің үйіңізден табыла бермейді.

Салқын тиіп немесе аздап қана аурыңқырап тұрған сәтте дәріханаға жүгіріп барып, ақшаның бәрін шашып дәрі ала берудің өзі дұрыс емес. Сондықтан сіздерге үйіңізде болуы керек сегіз түрлі емдік шөптің тізімін ұсынамыз. 

 

Қырмызы 

Қырмызы өсімдігінен тұнба және жақпа май жасауға болады. Сонымен қатар бұл емдік өсімдік адамның миын тыныштандыратын және бактерияларға қарсы тұратын қасиетке ие. Әйелдер қауымы қырмызының сығындысын бет терісіне пайдалануына болады. Бетіңіз түнімен балғын тартып тұрады. Ал қырмызыдан жасалған шайды жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. 

 

Бақбақ 

Бақбақ көктемнің соңына қарай өседі. Бақбақ жараның аузы тез бітуіне көмектеседі. Бақбақтың бойында болатын сүті күйікке пайдалы. Бабақтан жасалған шай бауырдағы уытты заттарды тазалайды. 

 

Ырғай 

Ырғай жемісінен өте керемет шәрбат дайындауға болады. Бұл өсімдіктің жемісі таптырмас ем. Себебі суықтап қалған кезде, жөтелгенде, тұмаудың вирустарын кетіруде оның жемісі өте маңызды рөл атқарады. Оны ішкеннен кейін құрамындағы табиғи күш иммунитетті көтереді.  

 

Лаванда

Лаванданың эфир майы – әрбір үйдегі дәрі қобдишасында болуы керек майлардың бірі. Сонымен қатар, бұл майды табиғи күйінде пайдалануға болады. Лаванданың табиғи эфир майы – терінің күйіп қалғанына және үсіп қалғанына ем болады. Күйген жерге лаванда эфир майын тамызсаңыз болды, күйген орын тез жазылып, кейін орны да қалмайды. Жатар алдында лаванда майын иіскеп жатсаңыз, денеңіз босаңсып, жақсы ұйықтайсыз. 

 

Жаужапырақ немесе Сермене 

Сермене өсімдігін ұйықтар алдында шайға қосып ішсеңіз, түнімен миыңыз сергек болады. Мазасыздық пен ұйықтай алмауға апаратын түрлі дерттің алдын алады. Сермене өзінің иісімен де ерекше.  

 

Жалбыз 

Жалбыз адамның жүйе талшықтарына әсер ете отырып, адамның тыныштықта болуын қамтамасыз етеді. Тек қана емдік емес, жалбыз иісі адам баласының осал тұсы. Шаршаған кезде жалбыз ішіп алсаңыз, керемет көмек. Жалбыз асқазан ауырған кезде таптырмас ем.

 

 Сәлбен 

Сәлбен емдік өсімдігі көп жағдайда өндірілген түрінде пайдаланылады. Қызу көтерілген кезде, тамақ ісіп қабынған кезде өте пайдалы. Бұл ғана емес, ол адамның жадын қалпына келтіруге тікелей көмектеседі. Сәлбеннің ұнтақ түрін тіс майына қосып, қоспа арқылы пайдалануға болады. 

 

Шүйгіншөп 

Жүйке жүйесі сыр беріп, ұйқысыз түндер жалғаса берсе, Шүйгіншөп өсімдігі бұл мәселенің жауабын табады. Себебі оның емдік қасиеті өте жоғары. Тіпті түнде мөлшерінен көп пайдалансаңыз таңда оянуыңыз қиынға соғады

 

Денсаулық – зор байлық екенін ұмытпаңыз!

«Емдік шөп еліне саяхат» ұйымдастырылған іс-әрекеті

«Айгөлек» тобының балалары.

«Қарлығаш» тобының балалары.

«Құлпынай» тобының балалары.

Ата – анасы баласын түймедақпен таныстырып отыр.